Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №2 гимназиясы» КММ 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі
1.Жалпы ереже
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ Бұйрығы) Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №2 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен мемлекеттік қызметтердің 8 түрі көрсетіледі.
2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 186 құрады, оның ішінде көрсетілетін қызметті беруші арқылы - 12, Мемлекеттік корпорация арқылы - 12, электрондық түрде -162.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №2 гимназиясы» КММ 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің атауы |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілі |
Ақылы /тегін |
Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау |
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы |
Тегін |
Аз қамтылған отбасылардың балаларына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьде демалыс беру үшін құжаттарды қабылдау |
Мемлекеттік корпорация , мен Облыстар, Нұрсұлтан Алматы және Шымкент қалалары, аудандар мен қалалар, білім беру ұйымдары, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы |
Тегін |
Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру. |
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы |
Тегін |
Балалардың жалпы білім беретін беретін оқу орындары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау |
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы |
|
Бастауыш , негізгі орта , жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау |
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы |
Тегін |
Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру. |
«Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы |
Тегін |
Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттарды қабылдау |
Мемлекеттік корпорация , мен Облыстар, Нұрсұлтан Алматы және Шымкент қалалары, аудандар мен қалалар, білім беру ұйымдары, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы |
Тегін |
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №2 гимназиясы» КММ-де ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
1.Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау 2023 жылы 99 қызмет көрсетілді.
2.Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттарды қабылдау-2023 жылы – 44 қызмет көрсетілді.
Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылар білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты мынадай сайттардан ала алады: http://adilet.zan.kz, gimnasium2-edu.kz, сондай-ақ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласының білім бөлімінің №2 гимназиясы"КММ. Мемлекеттік қызметтер туралы ақпараты бар ақпараттық стендтер жабдықталған.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №2 гимназиясы» КММ-де көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат гимназияның ресми сайтында орналастырылған www.gimnasium2.edu.kz «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде сілтеме бойынша - https://gimnasium2.edu.kz/menyu/gosudarstvennyie-uslugi.html.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістерге қарай бұл бөлім сайтта жаңартылады. Сондай-ақ, ақпарат Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №2 гимназиясы» КММ 1-қабатының фойесінде орналастырылған.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат: жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар):
Құқық бұзушылыққа әкеп соқтыратын фактілерді немесе іс-әрекеттерді анықтау үшін жағдай жасау мақсатында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №2 гимназиясы» КММ-де «Сенім телефоны» 4-43-27 ұйымдастырылып, жұмыс істейді, ол бойынша азаматтардың осындай фактілер туралы хабарлауға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №2 гимназиясы» КММ-де бейнебақылау камералары жұмыс істейді. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №2 гимназиясы» КММ директорының жеке қабылдауларын өткізу арқылы халықпен кері байланыс жүйесі жолға қойылған, сондай-ақ директордың блогы гимназияның ресми сайтында және мектеп парақшасында Instagram-да директордың телефоны көрсетілген.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:
Директор жанындағы кеңестерде мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауаптылармен тұрақты негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, құқықтық жаппай оқыту сабақтарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының негізгі ережелері үнемі жарияланады.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша): шағымдар жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері. Барлық мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері: жүргізілмеген.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері: мониторинг жүргізілмеген.